KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
513.68 583.03 6.24

Өскемендегі Ертіс көпірінің астынан өтетін жолдың құрылысы биыл аяқталады

8.04.2025, 15:30 207 Әбішев Ержан

Бұл құрылыс ұзақ уақыт тоқтап тұрды, бірақ жұмыстар жақын арада қайта басталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ертіс өзені үстіндегі көпірдің астынан өтетін жол, яғни Пермитин көшесін Славский атындағы жағалаумен байланыстыратын жол 2023 жылы ашылуға тиіс еді. Алайда қаржы мәселесіне байланысты бұл жоба ұзаққа созылды.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов жобаны соңына дейін аяқтайтынын мәлімдеді.

Жұмыстарды жақын арада қайта бастаймыз. Жол құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады. Онда көп нәрсе жасалды, негізгі жұмыс атқарылды, деді қала әкімі.

Фото: Жібек Нұрахмет

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу