Тарбағатай мешіті Ақсуат ауруханасына қайырымдылық жасады
![](/kz/uploads/posts/iblock/7d1/7d113cc150f238c73933d2a93ade20f3.jpg)
Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті аудандық Ақсуат ауруханасына қайырымдылық жасады.
«Өзіміз еккен картоп, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдерімізбен қоса 35 л қымызды науқастарға әкелдік. Ұлттық құнарлы тағам түрлері науқастарға қуат беріп, сырқатынан тезірек сауығуға ықпал етеді» - дейді Тарбағатай ауданындағы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы.
Аталған мешіт былтырдан бері аудан әкімінің көмегімен 10 га егіндік жер алып, жыл сайын өнім алып келе жатыр. Еккен өнімдерін әлеуметтік мекемелерге, тұрмысы төмен отбасыларға таратады.
Оқи отырыңыз