KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да айыппұлын төлемеген 247 адам көлігінен айырылды

1.03.2022, 07:42 201

Шығыс Қазақстан облысында айыппұлын төлемеген 247 адамның көлігі арнайы тұраққа қойылды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер өңір аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды анықтау мен заңсыздықтың жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Соның аясында жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемеген 247 жүргізушінің көлігі ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнайы тұраққа қойылған.

Ал өндірілген айыппұлдың жалпы сомасы – 5 762 000 теңге.

«Мәселен, тәртіп сақшылары Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде ер адамның 571 968 теңге мөлшеріндегі 34 төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды. Барлық заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыру) жасалған. Осыған орай, борышкердің көлігі айыппұлды толық өтегенше мамандандырылған тұраққа жеткізілді», - делінген ақпаратта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив