KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

ШҚО әкімі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін кешіктірмеуді тапсырды

фото: gz.mcfr.kz

23.11.2023, 14:13 214 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі мемлекеттік сатып алуға қатысты конкурстық рәсімдерді кешіктірмей өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биылғы үш тоқсанда өңірде 700-ден астам мемлекеттік сатып алу рәсімі жасалған. Қазір осы бағыттағы жұмыстың келесі жылғы жоспары алдын-ала жасалып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі кешеуілдемес үшін қала-аудан әкімдері мен облыстық басқарма өкілдері өтінімдерді уақтылы жіберуі қажет, – деді өңір басшысы Ермек Көшербаев әкімдік отырысында.

Облыс әкімі бейінді ведомствоға 30 қарашаға дейін өтінімдерді дайындап жіберуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуде. Жаңа заң жобасында сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасына баса назар аударылады. Сондай-ақ жеңімпазды анықтау және шарт жасасу мерзімдерін қысқарту көзделген.

– Мемлекеттік органдар өз тарапынан ұсыныс білдіру үшін адал кәсіпкерлермен бірігуі тиіс. Қажет жағдайда өзге өңірлердегі әріптестермен кеңесін өткізуге болады», – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу