KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Катонқарағай ауданында жаңа мешіт ашылды

3.11.2021, 12:52 303

Мәуліт айы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Аршаты ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітпен толықты. Айта кетейік, Аршаты ауылы Қазақстанның ең шеткі нүктесі болуымен ерекшеленеді.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Сансызбай қажы Құрбанұлы, уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, Өскемен аймағы бас имамы Ермек Қасболатұлы, Қатонқарағай ауданы әкімі Д.Қалихан және өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер қатысты.

«Мәуліт айында Алтай баурайында жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Шығыс өңір үшін бұл үлкен қуаныш. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Мешіт салған азаматтарға Ұлы Алла Тағаланың разылы болсын. Бұл аса зор сауапты іс». - деген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Сансызбай қажы Құрбанұлы жиналған халықты Мәуліт айымен құттықтап, жаңа мешітті ашты.

Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Сонымен қатар дін қайраткері Шыңғыс қажы арнайы қатысып, Аршаты жұртына өзінің ізгі тілегін білдірсе, ақыны Балғынбек Имашев жырдан шашу шашты. Аршаты ауылының атынан кәсіпкер азамат мешіт салған кәсіпкер Талғат Серменовке ат мінгізіп, рахмет айтты. Осылайша шалғайдағы ауыл үстінде Алланың үйінен азан айтылып, дүбірлі думанға бөленді.
Аршаты ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мешітті ашу рәсімінде шашу шашылып, ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив