Әлеуметтік желідегі жалған ақпарат: ШҚО медициналық орталығы түсініктеме берді
gov.kz
Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған медициналық орталығы (№1 қалалық аурухана) TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған сыбайлас жемқорлық туралы жалған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл мәлімет расталмаған дереккөзден алынған және нақты дәлелдерге негізделмеген. Орталық басшылығы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, қызметтің ашықтық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынын және барлық тексерулерге дайын екендігін мәлімдеді.
-Әлеуметтік желілер арқылы азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз. ШҚО ПД "Киберпол" соққы-нысаналы тобы осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз
Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпаратқа қылмыстық іс қозғалды«Ұшақпен вирус шашып жатыр». ІІМ даулы видеоға қатысты түсініктеме бердіӨскеменде төбелескен қыздарға қатысты жалған ақпарат тарағанИнтернет өшірілмейді: ҚР ІІМ желіде тараған хабарламаға қатысты түсініктеме берді«Қазцинк» зауытында апат болды деген ақпарат жалған