KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Атыраулық тұрғын Аягөз тұрғына алданып қалды

2.09.2021, 11:10 85

Үстіміздегі жылдың наурыз айының ортасында Аягөз ауданының ПБ-ге Атырау облысының 57 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен, ол Ақтоғай станциясының 40 жастағы тұрғынының танымал мессенджерлердің бірі арқылы чат ашып, кейін сауда платформасы чатының негізін қалаушы ретінде өзін таныстырып, ондағы адамдарды салым жасауға үгіттегенін айтты. Ол жәбірленушіден 55 000 теңге мөлшеріндегі қаражат алып, ақшаны 3 күн ішінде 50% үстемемен қайтарамын деп сендірген.

Тамыз айында Аягөз АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтоғай станциясында тұратын алаяқты қолға түсірді.

- Жауап алу барысында күдікті кәнісін мойындады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қаскөйдің құрбандарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде, себебі зардап шеккендер бірнеше есе көп болуы да мүмкін. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив