KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, З
518.97 607.3 6.64

Елордалықтар қос мерекені тойлатты

6.07.2025, 20:20 143 Ержан Әбіш

 

6 шілде күні елордада ерекше көңіл күй орнады — Астана тұрғындары мен қонақтары бір күнде екі мерекені атап өтті: Астана күні мен Ұлттық домбыра күні. Жұртшылық демалысты тиімді өткізіп, қаланың басты көшелері мен саябақтарын думан мен шаттыққа бөледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атырау жаяу жүргіншілер көпірінде және Есіл жағалауында ұлттық рух пен өнер үндесті. Қолына домбыра ұстаған жас та, жасамыс та орындаушылар ел жүрегін тербейтін күйлерді шертті. Домбыраның әуенімен тыныстап, салт-дәстүрмен рухтанған қала тұрғындары бұл көрініске ерекше ықыласпен қарады.

Орталық саябақта да мерекелік көңіл-күй ерекше. Ашық аспан астында балаларға арналған қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көрсетіліп, отбасылық демалыстың көрігін қыздырды.

Ауа райы да ел көңілін көтерді, Астанада жылы, жаймашуақ күн болды. Қала тұрғындары мен қонақтары жазғы демалыстың әр сәтінен ләззат алып, елордада өтетін мерекелік шаралардан рухани нәр алды.

Андрей Дудник

Фото автордікі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу