KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
522.38 612.6 6.54

«Сабыр» фильмі халықаралық деңгейде үздік деп танылды

depositphotos.com

12.07.2025, 13:00 258 Ержан Әбіш

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Сабыр» қысқаметражды фильмі шетелде үлкен қызығушылық тудырып, Cineshort халықаралық платформасындағы көрермендер рейтингі бойынша көш бастаған туындылардың біріне айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Фильмде екінші сынып оқушысы Сабыржанның оқи да, жаза да алмайтын жан тебірентерлік хикаясы баяндалады. Анасы мен мұғалімдері оның қиындықтарының себебін түсінбестен, жиі кінәлайды. Алайда бұл жағдайдың артында ерекше назар мен тәсілді қажет ететін дислексия атты бұзылыстың тұрғанын ешкім аңғармайды.

Туынды мектеп жүйесінде балалардың тап болатын қиындықтарын көрерменге нәзік жеткізе отырып, маңызды әлеуметтік мәселені көтереді.

Фильмнің режиссерлері — Марина Зиберти мен Дамир Танатов. Жоба Қазақстанда да, шетелде де жоғары бағаға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін «Сабыр» VIII халықаралық BAIQONYR кинофестивалінің ұлттық байқауында «Үздік фильм» аталымын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ басты рөлді сомдаған жас актер Салих Бейсенбай «Ер адам рөліндегі үздік актерлік орындау» марапатына ие болды.

Сонымен қатар фильм халықаралық UMUT кинофорумында «Үздік режиссура» жүлдесін жеңіп алып, Торонто қаласында өткен Peaks Central Asian Film Festival аясында Солтүстік Америкадағы тұсаукесерде көрсетілді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен фестивальдік және авторлық қысқаметражды кинотуындыларды ұсынатын Cineshort платформасында «Сабыр» фильмі көрермендерден 9,3 балл жинап, рейтингтің үздік қатарынан орын алды, халықаралық аудиторияның ыстық ықыласына бөленді.

Роксана Глыбова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу