Бүгін ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін
depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, 1 тамыз күні облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды Altaiтews.kz тілшісі.
Өңірдің шығысында, сондай-ақ солтүстік-шығысы, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскеменде де найзағай күтіліп отыр, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
-
Найзағай кезінде үйден шықпаңыз, электр құралдарын сөндіріңіз және қолданбаңыз;
-
Ашық алаңда болсаңыз, металл қоршаулар мен биік нүктелерге жақындамаңыз;
-
Қатты жел кезінде электр сымдары мен шайқалған заттарға жоламаңыз, аялдамалар мен ағаштардың түбінен аулақ болыңыз.
Кез келген төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.