KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Қазақстандағы «Қызғылт қазан» акциясы: 8 мыңнан астам әйел сүт безі обырына ерте диагностикадан өтті

6.11.2025, 15:30 359 Базарова Айгүл

Қазақстанда 8 мыңнан астам әйел  «Қызғылт қазан» республикалық акциясына қатысып, сүт безі обырының ерте диагностикасынан өтті. Бұл акция халықтың сүт безі обыры туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен және еліміздің 20 өңірлік онкоорталығының қатысуымен өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Акция шеңберінде онкоорталықтар мен емханаларда ашық есік күндері, кәсіпорындарда көшпелі тексерулер, сондай-ақ әйелдерге арналған дәрістер мен консультация беру шаралары ұйымдастырылды. Профилактикалық жұмыстарға ірі компаниялар да белсенді атсалысып, дәрігерлермен кездесу алаңдарын ұсынды.

«Маммографияны қоса алғанда барлығы 3440 зерттеу мен талдау жүргізілді. Нәтижесінде 629 әйелден онкологиялық және ісікалды үдерістер, 2573 әйелден басқа патологиялық өзгерістер анықталды»,– деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
«Қазақстанда өткен кең ауқымды «Қызғылт қазан» акциясы сүт безі обырының профилактикасы мен халықтың хабардарлығын арттырудың тиімді құралы екенін көрсетті. Ендігі міндет – қол жеткізілген нәтижелерді бекіту, ерте анықтау жүйесін күшейту және профилактиканы әрбір әйелдің өмір салтының ажырамас бөлігіне айналдыру», – деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.



Фото: ШҚО КОЖХО

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу