KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

Омырау обыры: өскемендік дәрігерлер тексеруден өтуге шақырады

Кеше, 11:00 55 Айна Ескенқызы

15 қазан – Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні. Осыған орай ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары Өскемендегі сауда үйлерінде акция өткізді. Олар сатушылар мен келушілерді осы дерт туралы, онкоскринингтен өту қажеттілігі туралы хабардар етіп, барлық ниет білдірушілерді ашық есік күніне шақырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сүт безінің қатерлі ісігі – әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Қазақстанда ол басқа онкопатологиялардың құрылымында жетекші орын алады. Тек 2023 жылы елімізде сүт безі обырының 5,5 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Ауру қауіпті, ерте кезеңде симптомсыз болуы мүмкін.

Орталық мамандары сатушылар мен дүкенге келушілерге тұрақты тексерулер ауруды ерте анықтауға көмектесетінін айтты. Бұл сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады.

Акция осы мәселеге назар аудартып, денсаулықты күтудің маңызын еске салды.

«Қызғылт қазан айы» – сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған дүниежүзілік ай.

19 қазан күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безінің қатерлі ісігін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіз орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебеге қарамастан кеңес ала аласыз. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ашық есік күні Потанин көшесі, 6, 2-корпус мекенжайы бойынша онкологиялық орталықтың стационарында өтеді.

Анықтама телефондары: 8(7232)489-151, 8778-003-78-45.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив