KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Тарбағатайда медресе ашылды

23.06.2021, 14:36 247

Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында имандылық мектебі - медресе ашылды.

Игі істі қолға алып, нысанды сыйға тартқан Ақжар ауылының тумасы, кәсіпкер, меценат - Дарын Шалғынбаев.

Бой көтерген діни нысанның салтанатты ашылуына бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

- Халқымыз "ауылына қарап азаматын таны" дейді. Осы ауылдан шыққан азаматтар біздің игі бастамамызға қолдау білдіріп, қайырымдылық мекемесінің ашылуына үлес қосты. Осы сәтті пайдаланып, өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын! Осы мекемеден діни һәм зайырлы білім алып шыққан иманды, отаншыл жастарымыз ертең-ақ елге, дінге қызмет ететін болады. Біз қазақ балаларын оқытып, оларды отаншыл, иманды болуға тәрбиелеу мақсатында облыс орталықтарынан осындай қайырымдылық мекемелерін ашып жатырмыз. Игі ісімізге үн қосып жатқан азаматтарға тағы да риясыз ризашылығымды жеткіземін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Игі іс-шарада Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы құттықтау лебізін білдірді. Бас мүфти қайырымдылық мекемесіне сыйлығын табыстады.

Айта кетейік, діни мекемеде бір мезетте 30 оқушы діни һәм зайырлы білім алып, құран жаттамақ.

Сондай ақ, Ұлан ауданындағы "Мұса-Баба" орталық мешіті ҚМДБ қарамағына өтті.

Cонымен қатар, Бас мүфти Көкпекті ауданындағы Үлгілімалшы ауылының имамы Батай Әлімбекке баспана кілтін табыс еткен болатын. Айта

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу