Абай, Бесқарағай аудандарының әкімі ауысты
2017 жылы Абай ауданына басшы болып келген Жарқынбек Борашұлы Бесқарағай ауданына әкім болып ауысты.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
- Ұлылар туған қасиетті топыраққа басшы болып келіп, 4 жылға жуық сіздермен бірге бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара бірлесе қызмет жасадым. Аймақ басшысы ұлылар еліне деген ерекше ықыласы мен жұртшылықтың қолдауы мен сенімі арқасында, ауданның өсіп-өркендеуі үшін еңбек еттім. Қызмет бабымен Бесқарағай ауданына басшы болып ауысып барамын. Сондықтан Абай еліне ынтымақ-береке тілеймін. Ұлылар елінің ары қарай көркеюіне, гүлденуіне тілектеспін. Баршаларыңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Абай елі тек биіктен ғана көрініп, қарыштап дами беруіне шын жүректен тілектеспін, - деді Абай ауданының экс әкімі Жарқынбек Борашұл.
Аудан тұрғындары әкімнің атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.
Ал Абай ауданының әкім қызметіне Нуржан Абдыкаримов келді. Нұржан Оразбекұлы 9 мамыр 1971 жылғы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегизбай ауылында дүниеге келген. 1996 жыл - Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі» және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығын бітірген.
988 жылы алғашқы еңбек жолы бұрыңғы Семей облысы, Таскескен ауданы, Сегізбай ауылында Тасбулақ орта мектебінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып бастаған. 1991-1993 жылдары осы мектепте тарих пәнінің мұғалі болды. 1993-1994 жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі. 1994 жылдан 2007 жылға дейін Тасбулак орта мектебі директоры қызметін атқарған. 2007-2009 жылдары Үржар ауданы, Салқынбел ауылдық округіне қарасты Сегізбай ауылының әкімі болды. 2009-2013 жылдары Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы. 2013-2017 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2017-2021 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 14 маусым 2021 жылдан бастап облыс әкімі Д.Ахметовтың өкімімен Абай ауданы әкімінің лауазымына тағайындалды.