KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Мәжіліс депутаттары ШҚО-ның су басу қаупі бар елді мекендерін аралап жүр

9.04.2022, 11:50 137

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Сайыров, Еділ Жаңбыршин және Зарина Камасова ШҚО-ға жұмыс сапарымен келіп, өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алдымен депутаттар Белоусовка кентінде орналасқан Глубочанка өзеніндегі бөгенге барып, өңірдегі ахуалмен танысты.

- Су басу мәселесі - бүгінгі таңда еліміздегі су басты мәселелердің қатарына кіріп отыр. Екіншіден, жақын арада Қазақстанның су ресурстары бойынша Парламентте отырыс болады. Сол бойынша ШҚО-ның барлық аудандарын аралаймыз. Өздеріңізге белгілі, су мәселесі Қазақстанда өзекті болып отыр. Болашақта суды пайдалану, сумен қамтамасыз ету бойынша өте үлкен өзекті проблемалар пайда болуы мүмкін. Осы мәселені де қарастырамыз. Үкіметтік органдарда су проблемасы болмас үшін не істеу керек, қандай қадамдар жасау керек, соны талқылап, нақты шешімдер қабылдайтын боламыз, - деді Ерлан Сайыров. 

WhatsApp Image 2022-04-09 at 11.30.53.jpeg

Артынша Глубокое ауданында су басу қаупі бар Предгорное, Прогресс ауылдарында болып, тасқынға қарсы жүргізіліп жатқан шараларды қадағалады.
Айта кету керек, Прогресс ауылында тасқынға қарсы шаралар аясында көпір салынған.
Депутаттардың айтуынша, қазір аймақтағы жағдай қалыпты. Жергілікті билік өкілдері төтенше жағдай туындайтын болса жеке құрам, арнайы техника құралдары мен мотопомпа дайын тұрғанын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив