Өскемендік полицейлер жалғызбасты анаға жәрдем берді
Өскеменде полиция қызметкерлері үш баланы бір өзі тәрбиелеп отырған анаға көмектесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Қырық бір жастағы ана екі қыз бен мүгедектігі бар ұл баланы әжесінен қалған пәтерде бағып-қағып отыр. Тапқан-таянған қаражат ұлдың дәрі-дәрмектеріне жұмсалатындықтан, азық-түлік алу бұл отбасыға оңайға соқпайтын көрінеді. Оның үстіне балалардың анасының денсаулығы да нашар, - деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Әлеуметтік-тұрмыстық мәселенің мән-жайын білген айдауылдау қызметінің өкілдері бұл отбасыға көмек қолын созып, киім-кешек және бірінші кезекте қажетті азық-түліктерді жеткізіп берді.
Жалғызбасты ана полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.