KZ
Өскемен
небольшой снег жел 7 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

ШҚО-да басқарма ұжымы көпбалалы отбасына көмек көрсетті

26.10.2019, 05:15 124

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы көпбалалы жалғызбасты анаға көмек көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ахмер ауылының тұрғыны Гүлжан Бөлекбаеваның сегіз баласы бар. Ең үлкен қызы жиырма жаста болса, үйінің ең кішісі 14 жаста екен. Сондай-ақ, екі немересі де бар. Қазір сәбилерге өзі бас-көз болып отыр екен. Шағын ғана екі бөлмелі үйде тұрады.

Ол жуырда басқарма басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинованың қабылдауында болып, 17 жасар ұлының денсаулығы алаңдататынын айтып жеткізген. Осы ретте баланың денсаулығы бірқатар тексерулерден өткізіліп, тиісті ем-шара жасалды. Сол қабылдау барысында жалғызбасты ана тұрмыстық жағдайын да тілге тиек етіп, қатты отынға мұқтаж екендігін айтқан.

Басқарма ұжымы бір күндік жалақыларын осы отбасыға көмек қолын созуға жұмсауды шешті. Бүгін бұл отбасыға көмір жеткізілді.

- «Аналық алғысым шексіз. Бұл менің отбасыма деген үлкен көмек. Сондықтан осындай қолдау білдіргені үшін өте қуаныштымыз», - дейді Гүлжан Бөлекбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу