ШҚО-да жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, өткен тәулікте өңірде үш жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 1 бала бар.
Алғашқы екі оқиға Семей қаласының маңында қала сыртындағы тас жолда болды.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында сағат 18:15-те қала маңындағы автожолда «Volkswagen» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі 2012 жылы туған, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші баланы қағып кетті, ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Бала үлкендердің қарауынсыз жүрген.
Сол күні, кешкі уақытта «Семей-Талица» бағытындағы автожолда 66 жастағы «ПАЗ» маркалы автобустың жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Зардап шеккен адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Үшінші ЖКО Павлодар облысына 1 км жетпей «Омбы-Майқапшағай» автожолында орын алды, онда «Хонда» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимінің асып кетуінен рөлге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді, соның салдарынан өзіде және көлікте болған екі жолаушы да оқиға орнында қайтыс болды.
«Әрбір факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3 және 4-бөлігі бойынша (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Жоғарыда аталған ЖКО-ның бірінде жас бала қайтыс болған, оның өліміне кінәлі жас жігіт ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен УҰИ-на қамауға алынды. Зардап шеккендердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазір қылмыстық істер аясында объективті тергеу қамтамасыз етілуде, тергеу әрекеттері жалғасуда, сот сараптамалары тағайындалды», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев7