ШҚО-да жеті жылда 16 мың баланың тілегі орындалды
pixabay.com
ШҚО-да «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды.
Наурыздан бастау алған қайырымдылық акциясы 31 мамырға дейін жалғасын табады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жыл сайын дәстүрге айналған акция өңірдегі аз қамтылған отбасылардың балаларының тілектерін орындауға бағытталған.
Акцияның мақсаты – әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және оның жүзеге асуына олардың ортақтасуы, балалар мен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш біріктіру болып табылады.
Акция бастау алғалы 7 жыл ішінде 16 000 тілек орындалды. Тілектердің барлығы облыстың коммерциялық және басқа да ұйымдардың, жеке тұрғындардың белсенді демеушілік көмегі арқылы жүзеге асты.