Бір ғасыр жасаған әжелер әкімдік тарапынан құттықталды
Бүгін елімізде айтулы мереке – Қарттар күні аталып өтуде. Облыста 139 мыңнан астам зейнеткерлік жастағы адам бар. Олар – өскелең ұрпаққа мейірімді болуды, жақыныңа қамқорлық жасауды үйретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғап жүрген жандар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өңірімізде жыл сайын Қарттар күніне орай 1-қазаннан қарашаға дейін «Мейірімділік айлығы» акциясы өткізіліп келеді. Қарттар күніне және Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған осынау акцияны өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары да бекітілген.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен "AMANAT" партиясының мүшесі Сергей Коротин бір ғасыр жасаған Қайынжамал Тащанова мен Елизавета Прядконы, сондай-ақ Людмила Бердюгинаны Қарттар күнімен құттықтап, гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.
Ажар Сағатпекова