KZ
Өскемен
-15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
517.84 543.11 5.28

Вакцина паспортын сатып алғандар екпе салдыра алады

24.08.2021, 15:27 158

Өтініш жазған кезде вакцина салдырғаны туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйесінің "Вакцинация" модулінен алып тастауын сұрайды.

"Вакцина салдырғаны туралы жазбаны модульден алып тастау алгоритмге сәйкес, яғни Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын арқылы жүргізіледі. Жалған вакциналау туралы жазба жойылғаннан кейін азамат медициналық мекемеде коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады", - деп нақтылады комитет. 


Ал медицина ұйымдары вакцина құжатын қолдан жасау бойынша тіркелген фактілерді құқық қорғау органдарына хабарлауға тиіс. Оларға қатысты тиісті шара қабылданады.

Қазақстанның қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігіне сәйкес көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша 160 АЕК (466 720 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 29 маусымындағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым түсіруге құқылы. Шағым әкімшілік органға беріледі.



Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу