KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
492.65 525.71 5.03

Антикор басшысы ауыл шаруашылығында ең жиі болатын қылмысты айтты

5.06.2021, 13:45 178

Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы - субсидия жымқыру. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz . 

Ол кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V республикалық форумда "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына талдау жүргізу туралы айтып берді.

Оның сөзінше, бұл жақында қабылданған ауыл әкімдерін сайлау туралы Заңға байланысты.

"5 жыл ішінде субсидиялауға 1 триллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан көбі (54 пайызы) - субсидия ұрлау", - деді Антикор басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу