KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

ШҚО-да "қыздарға қырындаған" полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО)

28.03.2021, 12:17 69

ШҚО тұрғындары полиция қызметкерінің өздеріне қысым көрсеткенін айтып шағымданды. 

Бейнежазбада ер адам балағат сөздер айтып, агрессия көрсетеді. 

Біз қыздармен мейрамханада отырғанбыз. Курчатов қаласының полицейі Дархан жанымызға келіп, бізге қырындай бастады. «Бізге жақындама» дегенімізге қарамастан, ол өзін әдепсіз ұстады. Егер бізге көмек көрсеткен ер адам болмаса, оқиғаның соңы немен аяқталатыны белгісіз, - делінген видеода.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоға түсінік берді. 

Бұл факт бойынша ШҚО ішкі қауіпсіздік басқармасы дереу қызметтік тексеріс жүргізді, қызметкердің кінәсі анықталды. Бұл факт тәртіптік комиссияда қаралды, - деп хабарлады ШҚО полиция  департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПД бастығының 26 наурыздағы бұйрығымен қызметкер ішкі істер органдарынан мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін құқық бұзушылық жасағандығы үшін қызметінен босатылғанын түсіндірді.
Сонымен бірге бөлімнің тікелей басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу