KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

ШҚО-ның Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

10.02.2021, 15:48 179

ҚР ДСМ бұйрығымен 2021 жылы 9 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысына Қанат Абдусалимұлы Турдиев тағайындалды. 
Қанат Абдусалимұлы 1964 жылы 9 қаңтарда Абай ауданының «Бірлік» совхозында дүниеге келген.
1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (ҚММИ) санитарлық-гигиеналық факультетін «Дәрігер-гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993-1996 жылдары ҚММИ-да аспирантурада оқыған, медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқытушы мамандығынан бастап, 2001 жылға дейін аға оқытушы, кафедра доценті, Шығыс бөлімі деканының орынбасары қызметтерін атқарды.
2001-2005 жж. – Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР Мемлекеттік шекарасындағы радиациялық бақылау қызметінің бас маманы.
2005-2006 жж. – Алматы қаласы бойынша ҚР ҚМ Кедендік бақылау департаменті ҚР Мемлекеттік шекарасындағы бөлінетін радиоактивті материалдар мен кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылау бөлімінің басшысы.
2007-2015 жж. – Қазақстан Республикасындағы «Халлибуртон Интернэшнл, Инкорпорейшн» мұнай компаниясының (АҚШ) Шығыс Каспий өңірі бойынша филиалының өнеркәсіптік санитария және радиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы.
2015-2018 жж. – ҚР ДСМ СЭҚК-нің «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалының директоры.
2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ДСМ СЭҚК-нің «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу