KZ
Өскемен
+8°
туман жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Өскеменде шақыртуға барған полиция қызметкерін пышақтады (ВИДЕО)

10.02.2021, 10:26 174

Үстіміздегі жылдың 8 ақпанына қараған түні Өскеменде бекітілген аумақты аралап жүрген полиция патрулінің жасақ құрамы «тыныштығымызды бұзды» деген шағыммен көп қабатты үйлердің біріне барады.

Шақырту орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының инспекторы полиция аға лейтенанты Нұржан Какеев пен полиция аға лейтенанты Бекарыс Абдолданов 9-қабаттағы баспалдақ аумағында екі ер адамның бір-бірімен қатты сөйлесіп, алкогольдік ішімдік ішіп тұрғанын көреді.

Полиция қызметкерлері өзге тұрғындардың тыныштығын бұзып жүрген ер адамдарға тәртіпті бұзып жатқанын түсіндіріп, шуламауын өтінеді. Алайда тәртіп бұзушылар полицияның сөзін тыңдамай, дауласып, қарсыласа кетті. Кенеттен олардың бірі полиция қызметкерінің мойнына пышағын сілтеп, баспалдақпен төмен қарай қашқан.


Жарақатына қарамастан полиция аға лейтенанты Нұржан Какеев қашып бара жатқан қаскүнемді қуып жетуге асықты. Далада қашып құтылмасын білген қаскүнем полиция қызметкерлеріне тағы да пышақ ала жүгіреді. Полицейлер қарусыздандыру үшін шабуылдаушының қолын резеңке шоқпармен ұрып, пышақты қолынан түсірткізеді.

- Қазіргі 24 жастағы жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. Ал полиция аға лейтенанты Какеев Нұржанға ота жасалды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив