KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Енді ФБ мессенжеріндегі хабарламаны 10 минутта өшіруге болады

6.02.2019, 06:08 263



Америкалық Facebook компаниясы өз мессенджерінде жіберілген хабарламаны өшіріп тастауға болатын жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа қызмет Facebook Messenger-нің iOS пен Android-қа арналған жаңа нұсқасында пайда болмақ. Енді қолданушы қандайда бір қате жіберілген хабарламаны 10 минут ішінде өшіре алады. Ол үшін экранды екі рет басу керек, ары қарай экран бетіне шыққан мәзірден қажетті нұсқаны таңдайсыз.


Компания бұл қызметті іске қосу жұмыстарын бір жыл бұрын бастап кеткендіктерін мәлімдеді.


Бұған дейін чаттағы хабарламаларды тек Facebook басшысы Марк Цукерберг ғана өшіре алатын. Қолданушылар оның «ерекше» өкілеттілігі жазылған хабарламалардың уақыт өте келе жоғалып кетіп отырғанынан байқаған. Кейін компания жаңа қызметті барлық қолданушы үшін іске қосуды жөн санапты. Солайша Цукерберг ерекше мүмкіндігінен айырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив