KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО кәсіпкерлері: Әлеуметтік тауарлар тізімін өзгерту қажет

Фото: depositphotos.com

2.10.2024, 16:30 144 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сауда және қызметтер кеңесінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін нақтылау ұсынылды. Әсіресе, тауық еті мен күнбағыс майы бойынша өзгерістер енгізу қажет екені айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Қазіргі тізімде «тауық еті (жамбас және жіліншіктегі етпен қоса)» деп көрсетілген. Біз бұл ұғымды «бөлінбеген жамбас және жіліншек сүйегімен қоса мұздатылған тауық саны» деп өзгертіп, нақтылауды ұсынамыз, - деп атап өтті өңірлік «Сауда кәсіпорындары қауымдастығы» ҚФ төрағасы Владимир Бердник.

Сонымен қатар, ол күнбағыс майын категориялар бойынша бөлу қажеттігін айтты: тазартылған және тазартылмаған май түрлері (дүкендегі май ассортиментінің 30%-ы әлеуметтік маңызы бар бағада, яғни 15% үстемемен сатылуға тиіс).

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне түзетулер енгізу ұсыныстары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жолданатын болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив