KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

Полицейлер өскемендік қарияны құттықтады

1.10.2024, 19:00 111 Ержан Әбіш

Бүгін Қарттар күнінде көші-қон қызметінің мамандары Өскеменнің 90 жастағы тұрғыны Варвара Карабельниковаға барып, мерекемен құтықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен бірге баруға алдыңғы құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен, жаңа жеке куәлікті тапсыру да себеп болды.

Осы маңызды күні тәртіп сақшылары өздерінің қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, зейнеткерді мерекемен құттықтап, оған ерекше көңіл бөлді.

– Қамқорлықтарыңыз бен маған деген көңілдеріңіз үшін көп рақмет! Осындай мереке күні қуаныш сыйлап келдіңіздер, алғысым шексіз! – деді жаңа куәлігін алған Варвара Павловна.

Қарт адамдар үшін мұндай әрекеттер ерекше құндылыққа ие, өйткені олар өздерін құрметті және қажетті екендерін сезінуге көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив