Telegram-да 6–48 сағаттық сторис салуға болады
Фото: egemen.kz
Telegram мессенджері шілде айынан бастап қысқа оқиғалар функциясы – стористі іске қосады.
ТАСС агенттігінің дерегіне сәйкес, мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров қазір форматты тестілеу аяқталып жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Пайдаланушылар үшін функция шілде айының басында қолжетімді болады.
Пайдаланушылар стористі кім көре алатынын таңдай алады және ол чат тізімінің жоғарғы жағындағы бөлімге орналастырылады. Сондай-ақ оны «Контактілер» бөліміндегі арнайы «Жасырын» тізімде жасыруға болады.
Стористе фото, видео және жазбаларды өңдеп, басқа адамдарды белгілеуге болады. Бұған қоса, Telegram смартфонның алдыңғы және негізгі камералары түсірген фотолар мен бейнелерді бір уақытта жариялай алады.
Сондай-ақ пайдаланушылар сторис уақытын 6, 12, 24 немесе 48 сағатқа дейін ұзарта алады немесе өз профилінде тұрақты түрде көрсете алады.