KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

АҚШ-та жолаушылар ұшағына найзағай түсті

Фото: egemen.kz сайтынан алынған шартты сурет

27.06.2023, 10:13 646

American Eagle әуе компаниясының Embraer E175 ұшағы Арканзас штатындағы дауыл кезінде жерге қона салысымен, оған найзағай түскен.

Кадрлардан видео авторының бұған дейін ұшақтың артқы бөлігіне де электр разряды түскенін айтып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Daily Mail басылымының дерегінше, жолаушылар бірден ұшақтан шығарылып, тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына техникалық мамандар жеткен.

Агенттіктің хабарлауынша, ұшаққа найзағай түсуі бірінші рет тіркеліп тұрған жоқ. Бұған дейін Boeing 737 MAX шамамен 30 000 фут биіктікте ұшып бара жатқанда электр разряды тиіп, Панама-Ситидегі Токумен халықаралық әуежайына қонған.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының ұшағына да найзағай түскен. Ұшақ шұғыл түрде қонды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив