KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Аптап ыстық қажылық кезінде қиындық туғызуы мүмкін

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 10:21 702

Сауд Арабиясы қажылыққа сапарлаушыларды қарсы алып жатыр.

Биыл Меккеге сапар пандемиядан бері алғаш рет санитарлық шектеусіз өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Еuronews ұсынған дерекке сәйкес, корольдік билігі биылғы діни рәсімді орындауға келушілер саны бұрын-соңды тарихта болмаған көрсеткішке жетуі мүмкін деп санайды. Өйткені осы уақытқа дейін екі миллионға жуық адам келіп үлгерген, енді кем дегенде екі жарым миллион адам келеді деп күтеді.

Биылғы жылы Ресей мұсылмандары үшін қажылық квотасы 25 мың адамды құраған.

Келушілер санының артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтуге тырысып жатыр. Елдегі аптап ыстық біршама қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазірдің өзінде Мекке аймағында күндізгі температура 46°-қа жетеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив