"Күн өте ыстық". Қажылыққа барғандар қатты ауыратын болып жүр
Биыл елімізден Меккеге аттанған 3 200 қажының 1 744-і медициналық көмекке жүгінген. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты хабарлайды.
Дерек көзінің мәліметінше, 1 150 қажыға тұмау тиген. Тағы бір адам соқырішек болып, ауруханаға түскен.
«Мекке қаласында күн өте ыстық. Суық су ішкеннен кей адамдардың тамағы ісіп кеткен. Қасиетті қала таулы өңірде орналасқандықтан, кейбірінің қан қысымы көтерілген» делінген хабарламада.
Жалпы, бүгінде қажыларға 21 дәрігер қызмет көрсетіп жатыр. Қазір отандастарымыздың жағдайлары қанағаттандырарлық.
Оқи отырыңыз