KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Оқушылар өрт сөндіру бөлімін аралады – Өскемен

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

7.04.2023, 15:57 284

60-тан астам бала Өскемен қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін аралап, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен танысты. 
Мамандар балаларға «101», «112» құтқару нөмірлеріне албаты хабарласуға болмайтынын айтып, себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Өскемен қаласында 60-тан астам бала өрт сөндіру бөлімінде болып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметі туралы ақпарат алды. Мамандар жеткіншектерге өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілік ету тәртібі, өрт техникасы мен арнайы киімнің мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, тілсіз жау кезінде адамның амандығын сақтап қалатын «өмір кубын» таныстырды. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін еске салып, қызыл жалынды өрт сөндіргішпен, құммен, тығыз матамен және сумен сөндіру әдістерін көрсетті. 

 
Бөлім қонақтары өрт сөндіру машинасына мініп, арнайы жабдықтарды сынап көрген. 
Оқушыларға "101" және "112" құтқару нөмірлеріне себепсіз хабарласып, ойнауға болмайтыны айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив