KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Oskemenbus қосымшасын 215 мыңнан астам тұрғын қолданады

13.05.2023, 14:11 336 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында соңғы жылдары цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Мәселен, қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылайтын Oskemenbus қосымшасын қазір қала тұрғындарының көпшілігі қолданады.

Бұл туралы ШҚО әкімдігінде айтылды. Цифрландыру жүйесі барлық салаға, оның ішінде қоғамдық көлік саласына тез еніп жатқанын айтып өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Цифрландыру біздің өміріміздің барлық салаларына, соның ішінде қоғамдық көлікке де аз уақыт ішінде енгізіліп жатыр. Көлік құралдарының барлық түрлері қоғамдық көліктердегі жолақысын бақылау және төлеу жүйесіне, 56 маршрут біріктірілген электронды билеттеу жүйесіне  қосылды. Жолаушылар үшін Oskemenbus мобильді қосымшасы жасалып, қазір оны 215 мыңнан астам қала тұрғыны жүктеген, деді облыс әкімдігінің мамандары.

Айта кету керек, қазір облыс орталығында 330 мыңнан астам адам тұрады. Үш жыл бұрын Өскеменде қоғамдық көліктердегі жолақысын электронды төлеу жүйесі таныстырылған болатын. Сол кезде қала әкімі Жақсылық Омар бұл тек жолаушылар тасымалын ғана емес, бүкіл қаланы дамытудың жаңа кезеңі екенін атап өткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу