Өскемен: Субұрқақтарға шомылуға тыйым салынады
Фото: Nur.kz
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов фонтандардың қауіпсіз жұмысын тексеріп, балалардың шомылуына жол бермеу туралы тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Павлодар облысында фонтанда шомылып жүрген баланы тоқ соқты. Абырой болғанда, бүлдіршін аман қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс орталығында да аптап ыстық күндері балалар үнемі субұрқақта шомылып ойнайды. Ол балалар үшін өте қауіпті екенін атап өту керек. Яғни, уланып қалу немесе тері ауруларын жұқтыру қаупіне әкелуі мүмкін.
Ақсу қаласында болған жағдайға байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдерге тапсырма берді.