KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 5 м/с, Ю
492.17 522.39 5

Шәкәрім даңғылындағы спорт кешені қолжетімді болады – Өскемен

Ермек Имангазиновтың суреті

11.07.2023, 16:23 309

Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанам деген қала тұрғындарына тамаша мүмкіндік туды.

10 шілдеден бастап Шәкәрім даңғылындағы денешынықтыру-сауықтыру орталығы спортшылар үшін ғана емес, барлық ниет білдірушілер үшін де есігін ашты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Didar ақпаратқа сілтеме жасап.

Спорт кешенінде бассейн, жаттығу залы және үш спорт алаңы бар.

Қала тұрғындары үшін жазғы жұмыс кестесі мынадай:

бассейн күн сайын сағат 6:45-тен 13:00-ге дейін және 14:00-ден 22:00-ге дейін;

спорт залдар сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кесте оқу жылы басталған кезде өзгертіледі.

Бассейнге бару бағасы төмендегідей:

ересектер үшін бір рет бару (1 сағат) – 2000 теңге, зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар үшін – 1000 теңге;

ересектер үшін абонемент (айына 12 келу) – 18 000 теңге, зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар үшін – 9 000 теңге;

бассейнде жаттықтырушымен топтық сабақтар (12 сабақ, 1 ай) ересектер үшін – 22 000 теңге, балалар үшін – 15 000 теңге;

бассейндегі жеке сабақтар (1 сағат) – барлық санаттар үшін 5 000 теңге;

Бассейнге бару үшін сізде терапевт / педиатрдан анықтама, шомылуға арналған қалпақ, сабын, шүберек, сүлгі – душқа арналған заттар болса жеткілікті.

Жаттығу залына бару бағалары:

Ересектерге арналған 1 сабақ – 1200 теңге;

Зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар үшін 1 сабақ – 800 теңге;

Шектеусіз жаттығулар (1 ай) ересектер үшін – 15 000 теңге,

зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар үшін – 12 000 теңге.

Ересектер үшін 12 жаттығудан тұратын 1 айлық абонемент – 8 000 теңге;

зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар үшін – 7 000 теңге.

Спорт залдарын жалға алу 1 сағатқа 8-10 мың теңге тұрады.

Спорт залдағы жаттығуларға тек таза, ыңғайлы, жабық, табаны сырғанамайтын аяқ киімдер рұқсат етіледі.

Толығырақ ақпаратты +7-705-808-32-53 нөмірі бойынша алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу