Өскеменде «Каверлер шайқасы» музыкалық шоуы өтеді

28 тамыз күні 18.00-де облыс орталығында каверлер шайқасы өтеді.
Аталмыш шараға әуесқой және кәсіби кавер ұжымдары қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шара үш тур бойынша өтеді.
Бірінші турда ұжымдар әлемде және ТМД-да танымал композициялардың мэшап каверларын орындайды. Екінші турда топтар танымал қазақстандық хиттерге өз нұсқаларын орындайды. Ал финалда екі турдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған екі топ шайқасады.
"Осы іс-шараға қатысқысы келетін қала тұрғындарын күтеміз. Каверлер шайқасы 28 тамыз күні 18.00-де Амфитеатрда өтеді", делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз