Өскеменде жоғалып кеткен 7 жастағы бала табылды
Фото: newtimes.kz
Облыс орталығында жоғалып кеткен 7 жастағы бала аман-есен табылды.
13 маусым күні кешке 102 жедел арнасына өскемендік тұрғын жүгінді. Ол демалыста қыдырып кеткен 7 жастағы немересі жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бала велосипедпен ойнау үшін аулаға шыққан, бірақ үйге уақытында оралмаған көрінеді.
Өскемен ПБ жеке құрамы кәмелетке толмаған баланы іздеуге дереу бағытталды.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған бала көрші ауладан табылды. Баланың ойын алаңында танысқан жаңа досымен бірге ойнап, серуендеуге шыққаны белгілі болды", деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Әйел адам өз кезегінде жедел қызмет көрсеткені үшін тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз