KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Өскеменде ауланы абаттандыруда жұмыс тәсілі өзгереді

Шартты сурет: gorodki.kz

23.09.2023, 19:42 205 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен шаһарында үйлердің ауласын абаттандыруда жаңа тәсілдер қолданылмақ. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты.

Жақында ғана қала басшысы Қабанбай батыр көшесіндегі үйлердің біріне барып, тұрғындармен кездесу өткізген болатын. Кездесуде аулаларды абаттандыру жобасын жаңа форматта құру туралы сөз етілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қабанбай батыр көшесі, 122 мекенжайындағы ауланың тұрғындары Халық қатысатын бюджет бағдарламасына қатысып, ең көп дауыс жинаған екен.

Жақсылық Омар қазір қала ортасын дамыту үшін жаңа тәсілдер қарастырылып жатқанын айтып өтті.

- Абаттандыру іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс, яғни аудандардың нақты қажеттіліктерін анықтау мен халықпен ашық диалог құру. Бұл аула бойынша жұмыстарға да қатысты. 2024 жылы жөнделетін учаскелердің нақты тізімін сәл кейінірек жариялаймыз. Бірақ жұмыс тәсілдерінің өзгеретіні қазір белгілі. Аулаларды тұрғындардың өздері қажеттіліктеріне қарай бірегей етіп жасауы керек, - дейді шаһар басшысы.

Яғни, ауланы қайта құру кезінде бұрынғыдай біркелкі нысандар орнатылмайды. Әр аула тұрғындардың қажеттіліктері мен балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке жоба бойынша жасалады екен.

Әкімдік эскиздік жобаларды құру бойынша алдын ала жұмыстарды биыл бастайды. Сонда көктемде жұмысқа қажеттінің барлығы дайын болады дейді әкім.

Бұл жұмыстарға белгілі сәулетші Санжар Закиевті консультант ретінде тартып отыр.  Санжар Закиев - Астананың урбанистика орталығында ұзақ уақыт жұмыс істеген, қоғамдық кеңістікті құруда тәжірибесі мол маман. Ол Өскеменде қала ортасын дамытуды жаңа деңгейге шығару үшін жаңа жүйелі шешімдер ұсынатын болады.

Әкімнің айтуынша, алғашқы жобалардың бірі - аулаларды абаттандыру жобасын жаңа форматта құру бойынша тұрғындармен бірге жұмыс жүргізу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу