KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскемен: аулаішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Сурет автордікі

10.10.2023, 14:44 309 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы 55 аулада жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Қала әкімі Жақсылық Омар бүгін Новатор көшесі мен Конечный тұйық көшесіне барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Айта кету керек, биыл қалада 100 аулаішілік жолды жөндеу жобасы қолға алынған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазір жұмыс кешеуілдеп жатыр. Мердігер кестеге сай жұмыс істемесе, жауапты басшылар қай жерде, қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан бейхабар. Осы себепті жұмыс барысы өте әлсіз жүргізілуде. Біз тиісті тиісті шараларды қабылап, бір ретке келтіретін боламыз. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ, - деді Жақсылық Мұқашұлы.

 

Сондай-ақ шаhар басшысы мердігер мен ТҮКШ бөліміне қазан айының соңына дейін барлық жұмыстарды толықтай аяқтауды тапсырды. Биыл қыста еш аула аяқсыз қалмайтынын да атап өтті.

- Біз халыққа 100 учаскенің жолын жөндейміз деп уәде берген едік. 55-і аяқталды. Қалған 45 учаскені тез аяқталуы үшін тұрғындардан да көмек сұрағымыз келеді. Оларда өз аулаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалауы керек, - деді ол.

Ал, Меновное кентіндегі Конечный тұйық көшесінде қазір аулаішілік жолдар толықтай жөнделген. Жылдар бойы көтерген мәселелері бүгінде өз шешімін тапқанына тұрғындар да дән риза.

- Қар ерігенде, жаңбыр жауғанда ауланы су алып кететін. Тіпті жүру мүмкін емес. Төтенше жағдайлар қызметінен үнемі көмек сұрайтынбыз. Енді ауламыздың жолы жөнделіп, асфальт төселді. Мәселеміз шешілгеніне қуаныштымыз, - дейді қала тұрығы Наталья Князева.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив