Өскемендіктер экологиялық жағдайды жақсаруға ат салыса алады
Фото: gov.kz
Қазір ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты өңір тұрғындары да өзекті ұсыныстары мен идеяларын қараша айының соңына дейін ШҚО бойынша экология департаментіне білдіре алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Келіп түскен барлық ақпаратты қарап, зерделегеннен кейін online-кеңес өткізіледі, онда барлық ұсыныстар талқыланады. Кейіннен Жол картасы жобасына енгізу үшін Өскемен қаласы әкімі аппаратының әкімшілігіне жіберілетін болады.
Сондай-ақ экологтар тұрғындарды Жол картасын әзірлеуге белсенді қатысуға, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге және облыс орталығының экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырады.