1 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды - ШҚО
sputnik.kz
Синоптиктер ертең ШҚО аумағында қар жауып, бұрқасын болады деп болжап отыр.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 1 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыс орталығы Өскемен қаласында 1 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
ТЖ мамандары тұрғындардан дауылды ескертулерге немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпау керектігін ескертеді.
- Егер қаладан, елдімекендерден алысқа шығу керек болса көлікті қысқа дайындап, дөңгелектерін ауыстыруды, өзіңізбен бірге жылы киім мен күрек, арқан алуды ұмытпаңыз. Жүргізушілер жылдамдық режимін, сақтық шараларын қатаң сақтауы керек. Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеңіз. Республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық - 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады, - дейді ТЖ қызметі.