KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жасалды

23.12.2023, 11:30 188 Назерке Каримова

Синоптиктер 23 желтоқсанда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және жаяу бұрқасын соғатынын болжады, деп хабарлайды 

Altaynews тілшісі. 

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с дейін деп болжап отыр. 

ТЖ мамандары тұрғындардан дауылды ескертулерге немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпау керектігін ескертеді.

- Егер қаладан, елдімекендерден алысқа шығу керек болса көлікті қысқа дайындап, дөңгелектерін ауыстыруды, өзіңізбен бірге жылы киім мен күрек, арқан алуды ұмытпаңыз. Жүргізушілер жылдамдық режимін, сақтық шараларын қатаң сақтауы керек. Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеңіз. Республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық - 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады, - дейді ТЖ қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив