KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
439.43 473.31 4.82

Өскеменде бірнеше үйдің тұрғыны суық сусыз қалды

Фото: ura.news

20.01.2024, 19:22 176 Айна Ескенқызы

Өскеменде “Крылов” сорғы станциясындағы апаттың салдарынан бірнеше көшенің тұрғындары демалыс күні суық сусыз қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Өскемен қаласындағы Әуезов даңғылы,  Славский атындағы сол жағалау, Крылов көшелеріндегі  тұрғын үйлерде сағат 13.00-ден бастап суық су тоқтап қалды. 


- Алдымен ақырындап ағып тұрған, сосын мүлде жоғалып кетті су. “Водоканал “ кәсіпорнына хабарласып едім, біз өшірген жоқпыз деді. Тек бір жарым сағаттан кейін ғана “апат болды, жөндеп жатырмыз “ деген жауап алдым. Айтпақшы, таңертең он-он бес минуттай электр жарығы да өшіп, жанды. Демалыс күніне жоспарлап қойған біраз шаруалардан амалсыз бас тартуға тура келді, - дейді Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы үйдің тұрғыны  Марфуға Қизатова.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив