KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Қазақстандық каратэшілер Орталық Азия чемпионатында үздік атанды

instagram/sport_comiteti
instagram/sport_comiteti
8.05.2024, 22:00 59 Назерке Каримова

Самарқанд қаласында (Өзбекстан) WKF каратэден IX Орталық Азия чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге 6 елден мыңнан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Додада 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэден жүлделер сарапқа салынды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын алды (39 спортшы 1-орын, 30 спортшы 2-орын, 47 спортшы 3-орын). Одан кейінгі орындар Өзбекстан мен Түркіменстан спортшыларының қанжығасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив