23 миллон және 36 ту: Өскемен көшелері көк байрақпен безендіріледі
Фото: qmonitor.kz
Өскемен көшелері жақын күндері мемлекеттік тумен безендірілмек.
Облыс орталығын көк байрақты қалаға айналдыру үшін, әкімдік 23 млн теңгенің конкурсын жариялап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі бір дана 15 метрлік және отыз бес дана 6 метрлік металл флагшток дайындауды жоспарлап отыр. Тендерді ұтып алған мердігер әр тоқсан сайын жалауларды ауыстырып, туды сапалы материалдан дайындап отыруы керек. Конструкцияларды дайындауға және орналастыруға арналған барлық қосымша шығындар келісімшарттың жалпы құнына кіреді.
Қала ішінде тұрған көк байрақ жылдам зақымданып немесе кірлеп кетуі мүмкін. Мердігерге қойылатын ең басты талап: Бүлінген жалаушаларды немесе басқа элементтерді 24 сағаттың ішінде ауыстыруы керек. Демалыс болсын, мереке күндері болсын, тіпті түнде болса да.