KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

"30 орындық" Өскемен ішінде катер қатынайды

3.05.2020, 05:38 283

Самал саябағы мен Өзен вокзалы аралығында катер қатынайды. Бір катерде 30 жолаушыға орын бар.

Бұл жобаны "Белалекс" компаниясы мен "Вояж" туристерге арналған фирмасы қолға алмақ. Жобаны шаһар басшылығы да мақұлдап отыр.

- Демалыс күндері басқа да бағыттарға қатынаймыз. Тұрғындарды қала маңындағы демалыс орындарына апарып тастап, қайта алып кетуді жоспарлап жатырмыз, - деді "Белалекс" компаниясының директоры Олег Белов.

Айтуынша, әзірге үш катер қатынайды. Жолаушылар таңдауына қарай палубада немесе катер ішінде отыра алады. Жалпы көлік 30 орындық.

Қала әкімі сол жағалаудағы этносаябаққа да бір аялдама ашуды ұсынды.

Айта кетейік, мұндай катер Семейде де жүреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу