Өскемендегі Үлбі көпірінде ақау жөнделді
Өскемендегі Үлбі көпірінде деформациялық жіктің бір бөлігі зақымданып қалған. Бұл — көпірдің қауіпсіз әрі ұзақ қызмет етуіне арналған маңызды бөлік. Көліктердің тығыз қозғалысынан секция босап, машиналар өткенде қатты дыбыс шығара бастаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Деформациялық жікті жай ғана темір плита деп ойлауға болмайды. Ол — болат бөлшектерден, серіппелер мен бағыттаушы механизмдерден тұратын күрделі құрылғы. Негізгі міндеті — көпірдің ыстық-суықта кеңеюі мен қысқаруын, сондай-ақ қозғалыстан туындайтын шайқалу мен дірілді сіңіріп, құрылымды мерзімінен бұрын тозудан сақтау.
«Таза Өскемен» мекемесінің қызметкерлері зақымдалған бөлікті жедел жөндеп, орнына қайта орнатты. Енді жүргізушілер көпірден ешқандай артық шуылсыз, қауіпсіз жүріп өте алады.
Видео: «Таза Өскемен»