KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Елімізде әйел адамдар ер-азаматтардан әлдеқайда көп

Фото: ашық дереккөз

6.05.2023, 15:15 388

2023 жылдың басында Қазақстандағы халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы ер адамдар екен.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, ер адамдардың ең көп шоғыры Түркістан облысында тұрады екен − 1 079 мың. Керісінше, ең азы Ұлытау облысында – 108 мың азамат, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтсақ, 0-14 жас аралығында – 3 млн ұл, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, ал 63 жастан жоғары − 767 мың зейнеткер азамат бар.

Ведомствода атап өткендей, ер-азаматтардың 16,8%-ы − өндіріс саласында, 14%-ы − көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында, тағы 14%-ы − ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.

"Ер-азаматтардың өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрудың орташа жасы – 28", деді елдегі Ұлттық статистика бюросы.

Ертең 7 мамыр – Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күні әйелдер өз өмірлік серіктеріне құттықтаулар арнап, сыйлықтарын табыстайды.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив