KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Біз журналистерден қорықпауымыз керек – Мәслихат депутаты

Фото: egemen.kz

29.06.2023, 22:36 283

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова әріптестерін журналистерден қорықпауға шақырды.

Депутат сонымен қатар студенттермен бірлесе жұмыс істеуді ұсынды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Көптеген мәселенің шешімі өңірлердің, аудандар мен қалалардың жол карталарында белгіленген. Оларда басым бағыттар бойынша нақты іс-шаралар айқындалған және бәрі қазақстандықтардың ұсыныстары мен өтініштеріне негізделген. Басқаша айтқанда, бізде оларды жүзеге асыруға қажетті құралдар мен өкілеттіктердің бәрі бар. Бірақ оларды толық пайдалануды осы уақытқа дейін үйренбегенімізді мойындауымыз керек, – деді депутат.

Сонымен қатар ол бірнеше ұсыныс жасады.

– Сайлауалды бағдарламаны іске асыру басталды. Нысандар іске қосылып, бастамалар іске асырылып жатыр. «Министр жаңа өндіріс ашты», «Министр жаңа бағдарламаны іске қосты» деп келетін жаңалықтар жиі кездеседі. Егер орталық деңгейде бюджетті Мәжіліс бекітсе, өңірлік деңгейде мәслихат бекітеді.
Біз, мәслихат депутаттары, өзіміз ашық болуымыз керек. Үнемі брифингтер, баспасөз конференцияларын өткізейік. Біз журналистерден қорықпауымыз керек, керісінше олармен сындарлы түрде ынтымақтасуымыз керек. Үшіншіден, студенттермен кездесіп, жастарға депутаттармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беруге шақырамын, – деді Әсия Ақанова.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив